Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының кубогы Таразда өтті
2–5 қараша аралығында Тараз қаласында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Аталған жарысқа Астана, Атырау-1, Орал, Жетісу қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген құрама командалар қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын — Атырау облысы
2-орын — Қызылорда қаласы
3-орын — Атырау қаласы
4-орын — Жамбыл облысы
Жарыс нәтижесіне байланысты Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов пікір білдірді:
— Жыл өткен сайын командалар саны артып, бәсекелестік күшейіп келеді. Бұл пара волейболдың жүйелі дамуына тікелей әсер етеді. Соның арқасында ұлттық құрама да жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Биыл Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанып, Әлем кубогында қола жүлдені жеңіп алды. Алдағы уақытта да бұл оң динамика жалғасын табады деп сенеміз, — деді ол.
Айта кетейік, жарыс Sport Qory мен «Самұрық-Қазына» АҚ бас серіктестігімен және «Citibank Kazakhstan» АҚ демеушілігімен өтті.
