Қазақстан пара волейболшылары Польша құрамасын 3:0 есебімен жеңді

АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өтіп жатқан Пара волейболдан Әлем кубогінде Қазақстан ерлер құрамасы кезекті сенімді жеңіске қол жеткізді. Бүгін ұлттық құрама Польша командасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Матч сеттері келесідей нәтижемен аяқталды:

  • 1-сет: 25:12
  • 2-сет: 25:15
  • 3-сет: 25:11

Бұл — Қазақстан құрамасының қатарынан екінші жеңісі. Бұған дейін, 12 қазанда, біздің команда Италия құрамасын да 3:0 есебімен жеңген болатын.

Ертең, 14 қазан күні, Қазақстан ұлттық құрамасы Канада командасына қарсы келесі ойынын өткізеді.

Ұлттық құраманың бұл нәтижелері — спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылар штабының кәсіби еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, бізге тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқан демеушілерімізге — Sport Qory«Самұрық-Қазына» АҚ, сондай-ақ барлық жанкүйерлерімізге шынайы алғыс білдіреміз.Алға, Қазақстан!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *