Пара волейболшыларымыз Канада құрамасын жеңіп, жеңіс сериясын жалғастырды

Бүгін 14 қазанда волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы Канада командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұған дейін қазақстандық спортшылар Италия және Польша құрамаларын бірдей 3:0 есебімен жеңіп, турнирде сенімді ойын өрнегін көрсетіп келеді.

«Бұл – жүйелі дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Мұндай табыстар команданың спорттық әлеуетімен қатар, оған сенім артып, жан-жақты қолдау көрсеткен серіктестердің үлесімен де тығыз байланысты. Команданы қолдап, жанкүйерлік танытқан “Ситибанк Қазақстан” АҚ, “Sport Qory”, “Самұрық-Қазына” АҚ, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігі мен Атырау қаласының спорт басқармасына алғысымызды білдіреміз», — деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов. Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогі 9–18 қазан аралығында АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өтуде. Байрақты додаға 14 ерлер және 6 әйелдер ұлттық құрамалар қатысуда.Бұл турнир Лос-Анджелес–2028 Паралимпиадасына жолдама беретін маңызды рейтингілік ұпайлар саналатын жарыстардың бірі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *