Қазақстан құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен жеңді
Пара волейболдан Әлем кубогінде Қазақстан ерлер құрамасы кезекті айқын жеңіске жетті. Топтық кезеңдегі кездесуде ұлттық команда Франция құрамасын 3:0 есебімен ұтты.
Сеттер нәтижелері:
• 25:21
• 25:10
• 25:14
Қазақстан құрамасы турнир барысында тұрақты әрі сенімді ойын көрсетіп, топтық кезеңдегі позициясын күшейтіп келеді.
Ұлттық құраманың келесі кездесуі 16 қазан күні АҚШ құрамасына қарсы өтеді. Қазақстан құрамасының серіктестері мен демеушілері: «Ситибанк Қазақстан» АҚ, Sport Qory, «Самұрық-Қазына» АҚ.
