Қазақстан пара волейболшылары Польша құрамасын 3:0 есебімен жеңді
АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өтіп жатқан Пара волейболдан Әлем кубогінде Қазақстан ерлер құрамасы кезекті сенімді жеңіске қол жеткізді. Бүгін ұлттық құрама Польша командасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Матч сеттері келесідей нәтижемен аяқталды:
- 1-сет: 25:12
- 2-сет: 25:15
- 3-сет: 25:11
Бұл — Қазақстан құрамасының қатарынан екінші жеңісі. Бұған дейін, 12 қазанда, біздің команда Италия құрамасын да 3:0 есебімен жеңген болатын.
Ертең, 14 қазан күні, Қазақстан ұлттық құрамасы Канада командасына қарсы келесі ойынын өткізеді.
Ұлттық құраманың бұл нәтижелері — спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылар штабының кәсіби еңбегінің жемісі. Сонымен қатар, бізге тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқан демеушілерімізге — Sport Qory, «Самұрық-Қазына» АҚ, сондай-ақ барлық жанкүйерлерімізге шынайы алғыс білдіреміз.Алға, Қазақстан!
