Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Әлем кубогінде бақ сынайды
9–18 қазан аралығында АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында өтетін волейболды отырып ойнаудан Әлем кубогінде Қазақстанның ерлер құрамасы ел намысын қорғайды.
Биылғы додаға 14 ерлер және 6 әйелдер ұлттық командасы қатысады. Бұл турнир — Лос-Анджелес–2028 жазғы Паралимпиада ойындарына берілетін маңызды рейтингілік ұпайларға тікелей ықпал ететін ірі халықаралық жарыс.
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуін 12 қазанда, Астана уақытымен 18:00-де Италия құрамасына қарсы өткізеді.
Ұлттық құраманың бас демеушілері: «Самұрық-Қазына» АҚ, Sport Qory және «Ситибанк Қазақстан» АҚ.
