Қазақстан құрамасы – волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы
Бүгін, 14 маусымда, волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы
Қытай командасын 3:2 есебімен (22:25, 19:25, 25:19, 25:20, 8:5) жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды.
Чемпионат барысында
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде
жеңіп, финалға жолдама алғанболатын.
Чемпионат қорытындысы
бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.
Сондай-ақ чемпионат
барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Каскабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов –
үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.
«Чемпионаттың ақтық жарысы тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал болған жоқ. Финалдық кездесудің алғашқы екі
сетінде алаң иелері – Қытай құрамасы басымдық танытты. Алайда ұлттық құрамамыз керемет ерік-жігер мен шеберліктің арқасында келесі үш сетте басым түсіп,
тартысты ойында тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл – Қазақстан үшін Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медаль. Жарысқа дайындық барысында қолдау
білдірген серіктестеріміз — Citi, Sport Qory, “Самұрық-Қазына” АҚ және басқа дадемеушілерге алғысымызды білдіреміз», – деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.
Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6–14 маусым аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті.
Жарысқа 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық командасы қатысты. Чемпионаттың нәтиже бойынша Қазақстан мен Қытай
құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Байланыс үшін: Назым Әшімхан +7 747 782 3519 kazparavolley@gmail.com
